Сенбі, 20 сәуiр, 19:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада колледж директоры тағайындалды

15.01.2021

8013 0

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры болып Бақытхан Әбдікәрімов тағайындалды. Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова оны колледж ұжымына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Бақытхан Жүнайдұлы Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын бітірген. Физика-математика пәнінің мұғалімі. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессоры.

Қазақстан Республикасы президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиясының иегері. 2010-2011 жылдары Киев ұлттық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика және ФОӘф кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

Аға оқытушы, кешкі оқыту факультетінің деканы қызметтерін кейіннен Киев ұлттық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің оқу әдістемелік басқармасының басшысы, физика-математика факультетінің деканы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры қызметтерін атқарды.

Гуманитарлық-педагогикалық факультет деканы, университеттің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, университет ректорынің міндетін атқарушы болды.

Осы кезге дейін университет ректорының қоғаммен жұмыс жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: