Сенбі, 11 мамыр, 03:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мамандарды үш ауысымды мектептер мәселесі алаңдатып отыр

27.04.2022

925 0

Қызылорда қаласындағы 6 мектепте оқу процесі үш ауысымда жүргізіледі. Бұл санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын алаңдатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде мектептердің тығыздық мәселесі салауатты білім берудегі өзекті проблема саналады. Облыстағы 12 мектепте тығыздық көрсеткіші нормадан жоғары болып отыр. Санитариялық қағида талаптары бойынша әр сыныпта 25 баладан аспауы тиіс. Аталған мектептерде ол 30-35 оқушыны құрайды.

«Қызылорда қаласындағы 6 мектепте оқу процесі үш ауысымда жүргізіледі. Бұл санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын алаңдатып отыр. Мұндай жағдайда оқу қарапайым санитариялық-эпидемиологиялық талаптың, ылғалды жуып-шаю, ауа алмасу, карантин режимінің бұзылуына итермелейді. Салдарынан оларда жұқпалы және паразитарлық аурулардың топтасқан жағдайының таралу қаупі артады. 2021-2022 оқу жылында балалар арасында коронавирус инфекциясы көптеп тіркелді. Атап айтқанда, ол үш ауысымда білім беретін Абай атындағы мектеп-лицейде 9, №3 мектеп-лицейде 14, №101 мектепте 8, № 264 мектепте 7 жағдайды құрады», – деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Мамандардың айтуынша, сабақтың гигиеналық тұрғыдан рационалды, оңтайлы құрылымы оқушылар жүктемесінің азаюына, сәйкесінше жүрек-қантамыр жүйесінің функционалды қалпының бұзылмауына жол ашады. Ол аурушаңдықты азайтуға, сабақ үлгерімінің артуына оң әсерін тигізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: