Сенбі, 24 ақпан, 18:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мектептер жаңа оқу жылына дайын

18.08.2022

514 0

Биылғы жаңа оқу жылында Қызылорда облысындағы 295 мемлекеттік, 16 жекеменшік мектепте 182 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 5 мың оқушыға артып отыр. Оның ішінде 1-сыныпқа 18 мыңға жуық бала қабылданады. Бұл туралы бүгінгі өткізілген брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов хабарлады.

Барлық білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына толық дайын. Қажетті санитарлық гигиеналық заттармен қамтылған. Жөндеу жұмыстары да толық жүргізіліп, қыркүйек айына дейін жұмыстар аяқталады. Сондай-ақ, мектептер 100 % интернет желісіне қосылып, бес оқушыға бір компьютер арақатынасында 44 127 компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз етілген, – деді Бағдат Камбозұлы.

Қазіргі таңда оқулық және оқу-әдістемелік кешендермен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 13 баспамен 86 келісім-шарт жасалынып, 1,4 млрд.теңге қаржыға 637 313 дана оқулық алынуда. Барлық оқулықтар 25 тамызға дейін жеткізіліп, оқушыларға үлестірілетін болады.

Айта кетейік, апатты деп танылған Арал ауданындағы №71 және Жаңақорған ауданындағы №169 мектептің ғимараттары жаңа оқу жылы қарсаңында тапсырылады. Сондай-ақ, Арал ауданындағы апатты жағдайдағы №248 мектептің құрылысы бүгінде жеке инвестор есебінен басталса, Қазалыдағы №94 мектептің жоба-сметалық құжаттар әзірленуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: