Бейсенбі, 07 қараша, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Оқу-өндірістік комбинат» жобасы жүзеге асырылып жатыр

19.05.2022

992 0

 Қызылордада Байзақ Момынбаев атындағы № 278 ақпараттық технология мектеп-лицейінде кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім басқармасының бастамасымен «Оқу-өндірістік комбинат» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобамен танысқан кәсіпкерлер өңірдегі білім беру ұйымдарында оқу-өндірістік комбинатын қайта жандандыруды ұсынды. Бизнес өкілдері жоба жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттырады деп санайды.

Пилот жобаның нәтижесін көруге Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов, облыстағы қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы қауымдастығының төрайымы Ақмарал Әбдіразақова мен Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы Дина Махатова келді.

Мектеп директоры Эльмира Азатбаева жоба аясында аспаз, тігінші, жүргізуші мамандықтарына машықтанып жатқан 60-қа жуық оқушыны, олардың жұмыстарын таныстырды.

Мектепте аталған мамандықтар үшін арнайы өндірістік база, қажетті құрал-жабдықтар бар. Жобаға қатысушы жастар мерекелік кәдесыйлар мен логотип, эмблемаларды, өрнек, жазуы бар футболкалар әзірлеуді, киім тігуді, тәтті тоқаштар пісіруді, көлік жүргізуді үйренген. Кездесуде дайындаған өнімдерін қонақтарға көрсетті.

Білім беру ұйымының басшысы алдағы уақытта оқушылар дайындаған тауарларды монетизациялауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Ол үшін мектеп арнайы есепшотын ашып, құжаттарын жасақтап жатыр. Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Жеңіс Сүйіндіков оқушыларға біліктілігін кіріс көзіне айналдыруға қатысты шағын тренинг өткізіп, кеңес берді.

«Оқушыларға кәсіби бағдар беру – қазіргі уақытта Үкіметте қозғалып жатқан маңызды мәселелердің бірі. Негізгі мақсат – жоғары сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтарды таныстыру. Мектепаралық оқу-өндірістік комбинат болашақта түлектің жақсы өмір сүруіне көмектесіп, саналы түрде орта немесе жоғары арнайы білім алуға, мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін маман болуға септігі тиеді деп үміттенеміз. Пилот жобаны енгізуге Кәсіпкерлер палатасыбастама жасаған болатын. Жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере келе, оқу-өндірістік комбинаттың қызметін жүргізу үшін нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға қатысты тиісті мемлекеттік мекемелерге ұсыныс береміз», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Танысу жұмыстарынан кейін Палата басшысы мен кәсіпкерлер, облыстық білім басқармасының өкілі Сырым Асқаров жобаны облыстың өзге де білім беру ұйымдарына енгізу мәселесін шешу жолдарын талқылады. Кәсіпкерлер өндірістік базаларын жастарға тәжірибе алаңы ретінде ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Қызылордада «Оқу-өндірістік комбинат» жобасы жүзеге асырылып жатыр
Қызылордада «Оқу-өндірістік комбинат» жобасы жүзеге асырылып жатыр

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: