Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық зияткерлер мерекелік эстафетаны бастады

14.12.2020

1323 0

Тәуелсіздік күніне орай «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында Қызылордадағы NIS-те #тәуелсіздікке29жыл хэштегімен мерекелік эстафета басталды.

Жас зияткерлер әлеуметтік желілерде Отан, Туған жер, Егемендік, Атамекен туралы мақал-мәтелдер айтып, бір-біріне жолдайды.

-Біздің мақсатымыз – оқушылар арасында ұлттық сөз өнерімізді дәріптеп, мерекенің маңыздылығын насихаттау, – дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Әділжан Абажанов.

Алғашқы болып мерекелік шараға 7-сынып оқушысы Аруай Ібайдулла қосылып, Отанға деген сүйіспеншілікті көрсетуде үлгі ретінде қарастыратын 5 мақалды таныстырды. Әрі қарай эстафетаны мектептің өзін-өзі басқару кеңесіне және Атырау қаласындағы Зияткерлік мектептегі достарына жолдайды.

-Тәуелсіздік – ұлық мереке. Мен егемендік алғаннан кейін дүниеге келген жастардың бірі ретінде осындай байтақ жерде сапалы біліммен қаруланып, жарқын болашаққа қадам басуға мүмкіндікке ие болғаныма қуаныштымын. Еліміздің тұғыры берік болсын, – деп өз ойымен бөліскен Аруай барша қазақстандықтарды мерекелік акцияға қосылуға шақырды.

Ол үшін жоғарыда көрсетілген тақырыптар төңірегінде мақал-мәтелдер айтып, #тәуелсіздікке29жыл хэштегін қою арқылы әлеуметтік желіге жүктеу қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: