Сәрсенбі, 17 шiлде, 16:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Мектеп бітіруші түлек әлемнің 40 университетінен шақырту алды

14.06.2024

413 0

Сурет:видео кадр

Шымкенттік оқушы Сунатулла Октамов бүгінде әлемнің 40 университетінен шақырту алған. Оның білім деңгейі мен қабілет-қарымын Америка, Канада, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің алдыңғы қатарлы оқу ордалары жоғары бағалаған, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Сунатулланың таңдауы Малайзия мемлекетіне түсті. Сунатулла білім сынақтарынан бөлек өзінің жан-жақтылығын да дәлелдей алған. Ағылшын тілінде әлеуметтік жобалар мен волонтерлік клуб құру туралы бастамасын сәтті қорғады. Сондай-ақ, мамандығы бойынша «Бизнес басқару» саласында халықарылық болжамдар да жасаған. 

«1 жыл дайындалғанның ішінде маған профориентолог мамандар көмектесті. Оған қоса мұғалімдер көмектесті. Мен жүзден аса университетке тапсырдым. Соның ішінде мені 40 университет шақырды. Малайзияда 4-5 жыл оқимын. Сосын елге қайтып, бизнес жағынан елді дамыту ойымда бар», – дейді ол.

Биыл мектепті тәмамдаған қызылордалық Асылжан Абдуллаевқа да 3 бірдей белді университеттен шақырту түскен. Оған себеп жас өрен халықаралық цифрлық форумында жасанды интеллектті алғаш рет қазақша сөйлетті. 300 мың сөздік қоры мен 140 миллиард ақпарат сиятын үздік платформа жасақтауға инвестиция тартты. Енді Асылжан су тасқынына тойтарыс беретін тың жобаны жетілдіріп жатыр.

«Кішкентай метеостанциялар судың деңгейін анықтай отыра, су тасқынының алдын алып және де белгі береді. Хакатон жарысында жобасын жасаған болатынбыз. Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында прототиптер тұр», – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: