Жұма, 19 сәуiр, 09:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық зияткерлер республикалық кезеңге жолдама алды

05.05.2022

662 0

Дүниежүзілік «WRO-2020» робототехникадан олимпиаданың аймақтық кезеңінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бес бірдей бірінші орынды иеленді.

«RoboMission» категориясында Максим Усольцев пен Данила Осетров және Сұлтан Қани мен Ернұр Жасылықов жеңімпаз атанса, шығармашылық кезеңде Нұрдәулет Әділбек пен Аружан Мұханбетияр және Әділет Сәду мен Мұхтар Нағашыбайдың топтары бірінші орынды иемденді. «Future Engineers» категориясындағы жүлде Нұрбол Жақсылық пен Нұрмұхамед Оразбековке бұйырды.

Бұл жарыста қатысушылар өздері құрастырған құлтемір достарын таныстырды. Олардың кедергілерден өту, заттарды бір нүктеден екінші нүктеге қозғалту секілді әрекеттерді орындау шеберліктері бағаланды. Ал шығармашылық номинацияда қатысушылар өздерінің инновациялық жобалары мен өнертабыстарын ұсынды. Мәселен, қалдықтарды өңдеуге арналған биоконвейер, саусақ ізі бойынша науқастарды анықтауға мүмкіндік беретін әмбебап құрылғы, автоматтандырылған ферма және тағы басқа құрылғылар әділқазылар назарына ұсынылды.

Биыл жас өнертапқыштар сайысына барлығы 18 команда қатысты. Оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектебі, Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі, «Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейі, Е.Әуелбекова атындағы №4 дарынды балаларға арналған мектеп, С.Сейфулин атындағы №4 ІТ-мектебі, М.Шоқай атындағы №187 ІТ-мектебі, И.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей және №277 мектеп-лицейінің оқушылары бар.

Жеңімпаз командалар республикалық кезеңде облыс намысын қорғап, әлемдік додаға қатысатын Қазақстан құрамасы сапында жүлде үшін сайысқа түсетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: