Бейсенбі, 25 сәуiр, 21:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Республикада үздік атанған мектеп

01.11.2022

663 0

ОБСЕ бағдарламасына сәйкес ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «G-Global» жасыл экономика коалициясының өткізген «Жасыл кеңсе – 2022» республикалық конкурсының нәтижесі шықты.

Конкурстың мақсаты энергияны, суды және ресурстарды үнемдеудi ынталандыру, экологиялық таза технологияларды, тауар­лар мен қызметтердi жылжыту, сондай-ақ қоршаған ортаға бағытталған жұмыста қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу бола­тын. Яғни мектептерді қоршаған ортаны қорғауға ынталандыру еді.

Конкурсқа еліміз бойынша жүз мектеп қатысқан. Соның ішінен Астана қаласында­ғы №83 гимназия, Павлодар қаласының мамандандырылған мектебі, Маңғыстау қаласының  мектебі және Қызылорда облы­сының Серәлі Лапин Атындағы №261 мектебі жеңіске жетті. Бұл жеңіске оқушылар, биолог, химик, физиктер және барша ұжым мен ата-аналар өз үлестерін қосқан.

– Бұл – бір айғы емес үш жылғы еңбек. Байқауға жылыжай, күн батареясы, жел генераторы, су үнемдеу, ауыз суды фильтрлеу, қоқысты бөліп жинау, табиғатты қалдықтан тазарту, эко-жасақшылар, жа­рықты өшіріп жүру, қалдықты қайта өңдеу, дәптерлер макулатурасы сияқты бірнеше бағыт бойынша жұмыстар ұсындық, – дейді мектеп директоры Қарлығаш Абдрахманова.

А.АЙТЖАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: