Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сауатты жазу да өнер

26.04.2022

989 0

«Білімді болу үшін оқу керек» деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов. Технократтар заманында оқып-үйренуге, білім алуға мүмкіндік көп десек те бүгінгі жеткіншектер арасында ең үлкен мәселе бар. Ол – сауатты жаза білу. Әлеуметтік желіге тәуелді жастың интернет арқылы хат-хабар алмасқан мәтінін оқи қалсаңыз, бетіңіз қызарады. Бір қиыны, бұл қателік емес, үйреншікті әдет болып барады. Бұрын орта мектеп бітірген кез келген түлек сауатты хат жаза алатын. Ал қазір ше? Ойын жеткізе алмау, сөйлем құрап жаза алмау бүгінгі жастың өзекті мәселесі. Бұл бей-жай қарайтын нәрсе емес.

Осы орайда Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінен ашылған «Сыр медиа» академиясы жеткіншек­терді сауатты жазуға үйрету жобасын жүзеге асырмақ. Жеткіншектерді сауатты жазуға үйрету, талабы бар жастардың шығармашылығын дамыту, кәсіби жур­налистердің тәжірибе алмасуына да мүмкіндік бар.

Жергілікті  БАҚ мамандарының біліктілігін артты­рып, салалық журналистикаға бейімдеу және заманауи трендтермен таныстыру мақсатында 2019 жылы «Сыр медиа» академиясы жұмысын бастаған болатын. Ака­демия жазуға жаны құмар жастарды сауаттылыққа үйретеді, кәсіби тұрғыда шыңдалуға көмектеседі.

Академия дәрістері «Сыр медиа» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі және «Қызылорда қаламгер­лері­нің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен әріптес­тік-ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады. Мұнда «Журналист және блогер», «Мақала қалай жазылады?», «Ақпаратты алу жолдары», «Журналист әдебі», «Жаңа заман журналисі» және жаңа трендтер тақырыбында сабақтар өтеді. 

– Академия болашақта журналист, блогер болғысы келетін мектеп оқушыларының жазу қабілетін шың­дауға жәрдемдеседі және дәріс аясында тренд тақы­рыптар қамтылады. Дәрісті республикаға танымал тәжірибелі журналистер мен медиаменеджерлер жүр­гізеді. Ака­демияда Сыр өңіріндегі және еліміздегі журналистика саласының майталмандары салалық тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен бөліседі, – дейді «Сыр медиа» ака­демиясының үйлестірушісі Айжан Абдуллаева.

Сонымен қатар мұнда шешендік өнер, сөйлеу ше­берлігі және тіл байлығын дамыту, әлеуметтік желі және медиасауат, SMM және смарт журналистика, инфобизнес&медиамен байланыс, радиохабар таратудың ерекшеліктері мен рөлі, азаматтық журналистика және әлеуметтік желілер, бүгінгі тележурналистика, YouTubе канал жүргізу секілді мамандықтардың қыр-сыры үйре­тіледі. 3 айлық курстан соң белсенді қатысушыларға академия сертификаты беріледі. Егер сізді де журналистика саласы қызықтырса, академияда шыңдалып, сауатты да тәжірибелі маман болуға мүмкіндік мол. Академия жұмысы сәуір айының 28-іне басталады. Алғашқы сабақ «Журналист және блогер» тақырыбында өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: