Сәрсенбі, 24 сәуiр, 19:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Ұлттың ұлы ұстазы»

10.10.2021

1326 0

Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф , фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл. Аталған мерейтойға орай Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейде «Ұлттың ұлы ұстазы» атты іс-шара басталды. Салтанатты шараға облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймурзаева қатысты.

«Қадірлі қауым! Құрметті ұстаздар! Ең алдымен сіздерді төл мереке ұстаздар күнімен құттықтаймын! Жағалауы жоқ теңіз секілді шексіз ізденісті қажет ететін білім саласындағы құрметті қызметтеріңізге табыс тілеймін!Биыл – кемеңгер тұлға Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл! «Кел, балалар, оқылық» деп Алашқа ұран тастап, зерделі ұрпақты ілімге жетелеген Ыбырай Алтынсариннің санасы сергек, жаңа буынның азаматтарын қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз. Ұлағатты ұстаздың есімі берілген бұл қасиетті білім ордасы да ел игілігіне қызмет еткен абыройлы азаматтарды тәрбиелеп, қанат қақтырды. Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – маңызды міндет. Шәкірт тәрбиелеу ісіндегі жауапты қызметтеріңізге абырой тілеймін! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Бақтыбайқызы.

Мұнан соң Ақзира Бақтыбайқызы мен Динара Қонақбайқызы Ы.Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Айта кетейік, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы 20 қазанға дейін түрлі форматта өтеді. Оның ішінде мұғалімдер арасында мүшәйра мен спорттық жарыстар жалғасын табатын болады. Облыс орталығының шарадан бөлек Жаңақорған ауданы, Талдысу лагерінде жастар тоғызқұмалақтан сайысқа түседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: