Бейсенбі, 25 сәуiр, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ұрпақтар сабақтастығы: Оқушылар «Жаншуақ» әжелер ансамбілімен кездесті

03.03.2022

727 0

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Жаншуақ» ансамблі мүшелерімен кездесіп, әжелердің әңгімелерінен тағылым алды.

Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылында осыдан 15 жыл бұрын «Жаншуақ» әжелер ансамблі құрылған еді. Бүгінде бұл шығармашылық топ құрамында 20-дан астам ақ жаулықтылар бар. Бұған дейін 2 мәрте «Халықтық ұжым» атағын иеленген бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпаздары биыл да бұл жүлдені алуға үмітті.

Кездесуде әжелер жас өрендермен өз тәжірибелері туралы ой бөлісіп, өсиет айту арқылы оны өмірде пайдалану маңыздылығына тоқталды.

«Білім – инемен құдық қазғандай» демекші, оқу – көп еңбектенуді, табандылықты, ыждағаттылықты талап етеді. Үздік үлгірім көрсетумен қатар жаңа технологияларды меңгеріп, елдің үмітін ақтайтын азамат болуға ұмтылу қажет», – деп тілегін жеткізді Оразкүл Ахметова.

Жас буынға ұлттық өнерді насихаттап, қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғыртуды мақсат еткен ардақты әжелердің шығармашылық қорында 40-тан астам ән бар. Кездесуде қонақтар қазақ сазгерлерінің әуендерін шырқап, оқушыларға музыкалық аспаптар туралы ақпарат бере отырып, өз қолдарынан шыққан ұлттық нақыштағы киізден тоқылған бұйымдарды таныстырды.

Аға буын мен жас ұрпақтың өзара байланысын нығайта түскен кеште оқушылар да қалыс қалмай, ардақты әжелердің құрметіне домбырамен ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: