Сенбі, 20 сәуiр, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Университет жастары референдумды қолдайды

02.06.2022

715 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жастар ұйымдарының көшбасшылары мен білім алушылардың қатысуымен «Реформалардың мәні – азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жастар алдағы саяси науқан туралы ой-пікірлерін білдіріп, штаб мүшелеріне сұрақтарын қойды.
Кездесу барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың төрағасы Жандос Базартай, «Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты» бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нәбиден Маратұлы баяндама жасады.
Жиында Жанар Бимұратқызы жастарды 5 маусым күні өтетін референдумға қатысып, белсенділік танытуға шақырды.
«Жастар еліміздегі кез келген өзгеріске бей-жай қарамауы керек. Себебі, олар біздің болашағымыз, келешектің тұтқасы осы өскелең ұрпақта. Сондықтан бүгінгі кездесуде санаулы күннен кейін өтетін референдум туралы, ондағы өзгерістер жайлы талқыладық, жастардың пікірін тыңдадық. Нәтижесінде, расымен жастардың қоғамда ықпалы жоғары, белсенді топ екеніне көзіміз жетті. Жалындаған жастар барда – Жаңа Қазақстанды әділетті, білімді, рухы биік азаматтар құратынына сенімдімін»,-деді Жанар Бимұратқызы.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: