Жұма, 03 мамыр, 10:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж балаларға бір реттік қаржылай қолдау көрсетілуде

19.08.2023

242 0

Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж 37 087 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшінжергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер тарапынан да көмектер берілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов баяндады.

– Науқан аясында 1754 бала қаржылай, 3 156 балаға оқу құралдары, 485 балаға мектеп формасы, 196 балаға аяқ киім алынды. «Самұрық-Қазына» Қорының бастамасымен 1 сыныпқа баратын 1830 оқушыға рюкзак пен кеңсе заттары табысталды. Мұнан өзге,  «Ел-арай» Қорымен 500-ден астам балаға көмек көрсету жоспарлануда. Бүгінде жеке мектептердің аз қамтылған отбасынан шыққан 2000-нан астам баланың мәселесін шешу қарастырылуда,- деді Бағдат Камбозұлы.

Сондай-ақ, брифинг барысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтылды. Жалпы аймақ бойынша жаңа оқу жылында 180 мың оқушы білім алады деп жоспарлануда. Бірінші сыныпқа – 17 543 бала қабылданды. Педагогтар саны – 23 086 құрайды.

–Бүгінде барлық білім беру ұйымдары қажетті санитарлық-гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді. Оқулық және оқу-әдістемелік кешендерге жергілікті бюджеттен 1,2 млрд тг бөлініп,  412 029 дана оқулық алынды. Бұған қоса, 25 тамызға дейін тасымалдау-тарату жұмыстары толық аяқталады. Мектептер толықтай интернет желісімен қамтамасыз етілді. Осы жылдың қаңтар айынан 1-4 сыныпта оқитын 70 173 және әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11 сыныптағы 16 777 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылында да жалғасады, -деді Бағдат Камбозұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: