Жұма, 19 сәуiр, 12:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жаңа жобаның мүмкіндігі мол

15.03.2022

606 0

Жас ұрпақтың жан-жақты болуына мүмкіндік беретін жоба «COWORKING» орталығы қазіргі таңда жоғары деңгейде жұмыс атқаруда. Соның дәлелі болар, қаламыздағы бірқатар мектепте іске қосылып, нәтижесін беруде. Өткен аптада К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы бойынша «COWORKING» орталығы ашылды.

Мектеп оқушылары енді бос уақытын осы орталықта өткізеді. Нақты айтқанда, бұл орталық бірлесе жұмыс жасауға шақырады. Ата-анамен немесе мұғалім, оқушылар бірлесе кітап оқып, түрлі сайыс, іс-шара ұйымдастыруға болады.

Соның дәлелі ретінде бүгінгі шарада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлы ұстаз, қоғам қайраткері, ғалым, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинағы оқуға ұсынылды. Сондай-ақ 4 «Ә» сынып оқушылары «Ақкөл жағасында» атты сахналық қойылым қойды.

Іс-шарада мектеп директоры Р.Жадиева сөз алып, бүгінде жастарға берілген тұрған мүмкіндік көп екенін айтты. Оқимын, өсемін деген дарынға кедергі жоқ. Өсу бар. Сондықтан осындай мүмкіндікті пайдаланып, білімге құштар болу қажет.

Ардагер ұстаз К.Алматшақызы мен ардагер кітапханашы М.Қосанова «COWORKING» орталығын салтанатты түрде ашты.

Кітапхана ұжымы алдағы уақытта оқушыларды қызықтыру мақсатында түрлі интелектуалды сайыстар мен сабақтар ұйымдастырмақ.

Р.ӘБДІКӘРІМОВА, А.ТІЛЕУБАЕВА

К.Қаракөзов атындағы

№235 орта мектеп кітапханашылары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: