Сәрсенбі, 24 сәуiр, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жазда жұмыс істегісі келетін балаларды есірткі таратушылар пайдалануы мүмкін – ІІМ

03.05.2022

1176 0

ҚР Ішкі істер министрлігі балалардың жазғы жұмысы жөнінде оқушылар мен ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазғы демалыс басталысымен балалар уақытша жұмыс іздей бастайды. Мұны есірткіні таратушылар пайдалануы мүмкін, олар түрлі интернет-платформаларда жұмыс орындары туралы жарнама жасап, қомақты қаражатпен қызықтырады. Осыған байланысты азаматтардан өз балаларын назардан тыс қалдырмауды және бақылау жасауды сұраймыз. Балаларға мұндай табыстың қауіпті екенін түсіндіру керек және жұмыс сипатын тексермей, сайт әкімшісі, курьер болып жұмыс істеу ұсыныстарын қабылдамау керек. Есірткінің заңсыз айналымындағы қылмыс қатарына әлеуметтік желі парақшасында әкімші болу, интернетте есірткі туралы ақпарат тарату және тасымалдау да кіреді», – деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек министрлік ұйымдастырған брифингте. Заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыс үшін жауапкершілік 16 жастан басталады және 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: