Жұма, 11 қазан, 04:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Жетпіс жылдық тарихи бар мектеп

20.12.2023

253 0

Фото: Қызылорда қаласының білім бөлімі

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға, қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады», деп ақын Мағжан айтқандай білім ордаларының жай-күйі әркез маңызды. Бүгінде қалада ғасыр жасап, сан мыңдаған шәкірттің қанатын қомдаған киелі шаңырақтар бар. Солардың бірі Қараөзек бекетінде орналасқан №128 орта мектеп. Мектептің 1953 жылы іргетасы қаланып бүгінге дейін жемісті еңбек етіп келеді.

Айтулы мерейтойға орай ауылдың мәдениет үйінде «Тарихы терең алтын ұяма – 70 жыл» атты мерекелік кеш өтті. Шараға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы және Қызылөзек ауылының әкімі Сәкен Нысанұлы қатысты.

Биыл талай қыранды қанаттандырып, талай ұланды ұясынан ұшырған іргелі білім ордаларының бірі де бірегейі, №128 білім ошағына 70 жыл толып отыр. Ел тәуелсіздігінің қарсаңында аталып жатқан білім ошағының осынау айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Тіршілікке еніп, өмір көшіне ілескен соң өз ортасынан орын алуға, білімнің шыңына шығуға, елінің тұғырын биіктетуге, үлес қосуға кімнің де таласы бар емес пе?! Ұлы Абай: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» демекші, әр кірпіштің дұрыс әрі орынды қалануында білім ордасының алар орны ұшаң-теңіз. ХХІ ғасырдың бәсекеге қабілетті ұрпағын тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін, – деді Ерлан Теңізбайұлы.

1953 жылы қабырғасы қаланған ауыл мектебінің тарихы тереңде жатыр. 70 жылдың ішінде үлкен өмірге қадам бастырған білім ордасы өзінің түлектерін бүгінгі күні құшақ жая қарсы алуда. Осы елді-мекеннің талай ұл-қызын білім нәрімен сусындатып, қолдарына қалам ұстатқан ардагер-ұстаздар да осы күні құрметке бөленді.

Шара барысында, ұстаздар қауымы қала әкімінің, қалалық білім бөлімі мен кәсіп­одақ кометінің құрмет, алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар өнерлі өрендер ән айтып, жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ақмешіт-ақпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: