Дүйсенбі, 27 сәуiр, 14:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2242)
25.04.2026
PDF мұрағаты

ЖОО-лар сұранысы төмен мамандықтарға ақылы негізде студенттерді қабылдап жатыр

27.04.2026

47 0

Қазір грант бөлуде проблемалар байқалып жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде жоғары білімді кадрларды даярлау тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Мемлекеттік тапсырыс — тиімді тетік. Бес жылда оны 77 000 грантқа дейін арттырдық. Бұл өз кезегінде дұрыс саясат болды. Бірақ бұл гранттарды бөлу формуласы ЖИ пайда болғанға дейін жасалған. Сондықтан онда: «үш жылдан кейін қандай мамандықтар автоматтандыру қаупіне ұшырайды» деген сұраққа жауап берілмеген. Гранттарды бөлу тәсілі ChatGPT пайда болғанға дейін қисынды болғанымен, қазір ол ескірген сияқты. 2025 жылы ең жоғары конкурс: «Аударма ісі» — бір орынға 16 үміткер, «Халықаралық қатынастар» — 13, «Құқық» — 8. Енді, ЖИ бұл бағыттарды бірінші кезекті автоматтандырып жатқанын байқап отырмыз. Аудармашылар мен заңгерлік бағыттар өзгерістерге өте бейім. Дегенмен осы мамандықтар бойынша гранттар саны өсіп келеді, — деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұл тұрғыда нақты экономика үшін маңызды салалар бос қалған: «мал шаруашылығы» — бір орынға 0,15 адам, «металлургия» — 0,07. Мысалы, соңғы жылдары он мыңдаған грант «болашақ кәсібі» ретінде IT саласына бағытталды. Бірақ зерттеулерге сәйкес, былтыр 22-25 жас аралығындағы ІТ мамандарды жұмыспен қамту 20%-ға қысқарды.

— Қазір код жазатын мамандардың армиясын дайындап жатқанда, ЖИ бұл жұмысты өзі атқарып жатыр. Бүгінде «кешегі типтегі кодерлерді» жай ғана даярлау жеткіліксіз. Бізге құзіреттілігі әртүрлі мамандар қажет, — деді депутат.

Сонымен қатар ол грантқа қатысты тағы бір мәселеге тоқталды.

— Біз тек гранттарды реттеп келеміз, бірақ ақылы негізде қабылдауға көз жұма қараймыз. Университеттер сұранысы төмен және ескірген оқу салаларына мыңдаған ақылы негізде оқитын студенттерді қабылдауды жалғастырып келеді. Бұл ретте теңгерімсіздік тек өсіп келеді. Азаматтар сұранысқа ие болмайтын мамандықтар бойынша диплом алу үшін миллиондаған қаражат жұмсап жатыр. Біз қабылдау құрылымын белсендірек реттеуіміз керек. Бұл барлық танымал кәсіптерді әкімшілік жолмен «жабу» дегенді білдірмейді. Осы тұрғыда ережелерді нақтылап, оларды ақылмен реттеу дегенді білдіреді, — деді Асхат Аймағамбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: