Сәрсенбі, 01 мамыр, 19:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Биологиялық белсенді қоспаларды сатып аларда нені ескеру қажет?

06.10.2023

635 0

   Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз — тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар.

Биологиялық белсенді қоспа тағамдық өнім санатынан болғандықтан, оны дәрігердің нұсқауынсыз пайдалануға болады. Биоқоспаны затбелгісінде қабылдауға қарсы көрсетімдер жоқ болса, өз бетінше тұтынуға болады. Оның сыртқы пішіні дәріге ұқсас болғанымен, ол — дәрілік зат емес, биоқоспалардың міндеті ағзаға жетіспейтін заттардың орнын толықтыру.
Соңғы бірнеше онжылдықта биоқоспалар сәнді трендке айналды. Адамдардың барлығы жас, сымбатты, дені сау болғысы келеді. Оған жауап ретінде нарық та түрлі жаңа қоспаларды ұсынуда. Ғалымдар ойлап тауып, өндіріс орындары өндіріп, маркетологтар сатып жатыр. Бұл тізбекте, әрине, олардың көбін қаржылық жағы қызықтыратыны жасырын емес.
Еуропалық Одақтың заңнамасына сәйкес биологиялық белсенді қоспалар нарыққа жеткізілген соң сол Еуроодаққа мүше елде тіркелуі тиіс. Егер биоқоспаның затбелгісінде ондай стандарт көрсетілмесе немесе компанияның ондай сертификаты болмаса, биоқоспаны сатып алуға болмайды.
Қазақстанда биоқоспаларды тіркеу нормативтері айтарлықтай қатаң. Биоқоспалар қауіпсіз болу үшін міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткізіледі. Қазақстан аумағында сатылып жатқан барлық ББҚ өнімдерінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі болуы тиіс. Куәлікте оның қауіпсіздігі ғана көрсетілмейді, сонымен қатар ол сәйкестендіріледі. Егер ББҚ дәрумен немесе минералдар деп жазылса, сол заттардың бар-жоғын анықтау мақсатында арнайы зерттемелер жүргізіледі. Құрамында көрсетілген заттар сәйкес болса ғана зертхана арнайы хаттамаға енгізеді.
Тіркеуі жоқ қоспалар интернет дүкендерде немесе өзгеде сауда орындарында сатылмауы керек. Себебі ол мемлекеттік тіркеуден өтпесе контрабандалық өнім болып есептеледі. Сондықтан биоқоспаны сатып алар кезде тіркелу куәлігін талап етіңіз.
ББҚ-ларға тіркеу үшін қандай мәліметтер талап етіледі:

  • өнімнің атауы, шығару нысаны;
  • дайындаушының тауарлық белгісі (бар болған жағдайда);
  • олардың құрамына кіретін компоненттердің, тағамдық құндылықтардың (энергетикалық құндылығы, физиологиялық тәуліктік қажеттілікке шаққандағы процентті көрсетіле отырып, ақуыздардың, майлардың, көміртегілердің, витаминдер мен микроэлементтердің болуы, амин қышқылдарының құрамы, биологиялық белсенді заттардың болуы) нақты мөлшерін (грамм, миллиграмм, миллилитр, проценттік арасалмағы) көрсетіле отырып, ингредиенттік құрамы туралы мәліметтер;
  • тамаққа биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттері туралы мәліметтер, қолдану жөніндегі ұсынымдар;
  • талаптарына тамаққа биологиялық белсенді қоспалар сәйкес келуге тиіс нормативтік құжаттың атауы;
  • шығарушының, бөлшектеп салушының және ораушының (егер шығарушы ораушы да, бөлшектеп салушы да болса) атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекенжайы);
  • оралған бірліктердің (салмағы немесе көлемі) номиналдық саны, дозаларының мөлшері мен олардың номиналдық саны (салмағының немесе көлемінің);
  • партиясының нөмірі, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;
  • тамаққа биологиялық белсенді қоспаның дәрі еместігін көрсету;
  • нөмірі мен күнін көрсете отырып, тамаққа қойылатын биологиялық белсенді қоспаны мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат;
  • аурулардың жекелеген түрлерінде қолдану үшін қарсы көрсетілімдері туралы мәліметтер. Егер сіз күнделікті рационда биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға бел бусаңыз осы ББҚ Қазақстандағы мемлекеттік тіркелуін тексеруді ұмытпаңыз. Кез келген өнім сияқты ББҚ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Біздің республикада ББҚ мемлекеттік тіркеуді/қайта тіркеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады. Сізді қызықтыратын ББҚ тіркелуін Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде және экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе ақпараттық жүйесінің «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімі» бөлімінен табуға болады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік құжатының болуы биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігін растау болып табылады.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: