Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлер ардагерлерге құрмет көрсетті

06.05.2022

1311 0

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай, Сыр елінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
«Жеңіс» мерекесі тұсында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов, медицина қызметкерлері ардагерлер Кеңесінің төрайымы Раиса Көзденова және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асылхан Абылайханұлы ҰОС ардагері Колесник Любовь Сергеевнаның шаңырағында болып, майдангер мейіргерді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.
Сонымен қатар сала ардагерлері Тұрғанбай Маханұлы мен Хадиша Омарованы да арнайы құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.

Дәрігерлер  ардагерлерге құрмет көрсетті
 Колесник Любовь Сергеевна 1925 жылғы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.
 Жұбайы Николай Севастьянович Колесник те соғыс ардагері.
 Жергілікті медициналық техникумда оқып, кәмелет жасқа толысымен 1944 жылы әскер қатарына шақырылған.
 Соғыс кезінде Белорусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдығымен көзге түскен. Соғыс аяқталған соң госпитальда жұмыс жасады.
 1945 жылдың қыркүйегінде елге оралып, сол жылы Қызылорда қаласындағы локомотив депо медпунктіне фельдшер болып жұмысқа орналасты. Осы қызметтен зейнетке шыққан.

Любовь Сергеевна 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: