Бейсенбі, 05 қазан, 03:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78 (1985)
03.10.2023
PDF мұрағаты

Есірткісіз болашақ

02.06.2022

1135 0

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар арасында «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Шара «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған айлық аясында өткізілді.

Байқау онлайн форматта өтті. Балалар өз жұмыстарын мессенджерлер арқылы жіберді. Жеткіншектер өз суреттерінде, есірткісіз өмір сүру деген не деген сұраққа жауап беруге тырысып, суреттерін салуға өте тиянақты қарады. Қойылған сұраққа көптеген жауаптар алынды, шығармашылық көрме экспозициясы 25 балалар жұмысынан құрылды.

Аталған байқау алдағы уақытта осындай іс-шараларды өткізу үшін оң нәтиже көрсетті. Барлық жас суретшілер сыйлықтар мен алғыс хаттар алды. Байқауға «Атамекен» балалар ауылының, «Қызылорда еріктілері» қоғамдық бірлестігінің, «Спорттық туризм және туристік көпсайыс жастар федерациясының» және полиция қызметкерлерінің балалары тартылды.

Тағы да оқыңыз: