Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 14:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан маймыл шешегін анықтайтын сынамалар сатып алды

28.07.2022

972 0

Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін диагностикалау үшін ПТР-сынамасын сатып алғанын жариялап, оны кімдер қолдана алатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Расында, бір айдан аса уақыт бұрын «Роспотребнадзордағы» әріптестерімізден маймыл шешегі диагностикасы үшін ПТР тест-жүйелерін алдық. Бүгінде бүкіл әлемде маймыл шешегінің диагнозы ПТР-сынама негізінде зертханалық түрде жүргізіледі. Маймыл шешегіне тән клиникалық көрініс қандай екенін ескере отырып, клиникалық көрініс байқалмаса, келіп сынама тапсырғысы келетіндерге тест жасалмайды», – деді денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, диагностика маймыл шешегіне тән клиникалық көріністер болған жағдайда ғана жүргізіледі. Ең алдымен, бұл температураның көтерілуі, ерекше бөртпелердің пайда болуы.

«Аурудың негізгі белгісі – бөртпелер. Сондықтан кез келген жұқпалы аурулар дәрігері пациенттен бөртпелердің қалай пайда болғанын, қалай өршігенін сұрайды. Әрине, соңғы үш аптада маймыл шешегі тіркелген елге барып-бармағаны сұралады. Бұл диагноз қоюға негіз болады», – деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі ауруын денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады.

Есмағамбетова қазір жұқтыру қаупі жоғары елдер қатарына Еуропа жататынын, ал Қазақстанда аурудың таралу қаупі төмен екенін айтты.

«Вакцинацияға келетін болсақ, бәріміз шешек ауруына қарсы вакцинаны 1980 жылға дейін алдық. Бұл бір-бірімен тығыз байланысты вирустар және ғалымдардың пікірінше, шешекке қарсы вакцина алған әрбір адам маймыл шешегінен қорғалған деп саналады. Мұндай адамдарда инфекция болған жағдайда ауру жеңілірек өтеді.

Бүкіл халықты маймыл шешегіне қарсы вакцинациялауға қатысты ДДСҰ-ның нақты ұсыныстары бар. Бүкіл халықты вакцинациялаудың қажеті жоқ, өйткені вирустың берілуі өте жақын физикалық байланыс арқылы жүреді, сәйкесінше ол қоғамда тез таралмайды. Жақын қарым-қатынаста болғандарды вакциналауға болады. Бұл шешек ауруымен ауыратындар және ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері, үйде байланыста болғандар», – деп қосты вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: