Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жыл басынан бері 41 адам сарып ауруын жұқтырған

17.10.2022

871 0

 Қызылорда облысы бойынша 2022 жылдың 9 айында сарып ауруының 41 дерегі анықталды. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8 жағдайға артқан. 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Егер ағымдағы жылдың 9 айында 11 дерек тіркелсе, 2021 жылдың ІІІ тоқсанында 5 жағдай анықталған.

Биыл сарып ауруы облыста Сырдария ауданынан басқа барлық аудан мен  қалада тіркелді.

Індетке шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 80,4% құрады. Бруцеллез жұқтырғандардың барлығы да ауылшаруашылық малдары бойынша бруцеллезден қолайлы елді мекен тұрғындары. 

Жас санаттары бойынша жіктейтін болсақ, 14 жасқа дейінгілер үлесі -26,8%, 15-17 жас –2,4%, 17 жастан жоғары 70,7%.                 

Эпидемиологиялық талдау жүргізу барысында анықталғандай бруцеллез ауруымен сырқаттанған 20 науқас үй жағдайында уақ және өзге де үй   ауылшаруашылық малдарына күтім жасайды, қалған 21 адам мал шаруашылығымен айналыспайды, сүт-етті сауда орындарынан сатып алып тұтынады.

 Ауру ошақтарында індетке қарсы барлық іс-шаралар жүргізілді, қарым-қатынаста болған 166 адам зертханалық тексерумен қамтылды, ошақтан 6 науқас анықталды. Барлығы медициналық бақылауға алынды.

Аурудың негізгі көзі – жануарлар. Сарып ауруы адамға көбінесе жанасу мен алиментарлы жолдар арқылы жұғады. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауру малды төлдету, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу кезінде арнайы киім, резеңке қолғапты пайдалан, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізуі қажеттігін еске салады.

Аурудың клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, дене салмағын жоғалту.Індетке шалдыққан адамның буындары ауырып, бұлшық еттері мен жүйке жүйесі зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер  еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп  соқ­тыруы мүмкін.

Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: