Жұма, 03 мамыр, 21:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылша ауруының аймақтағы ахуалы қандай?

14.12.2023

313 0

2023 жыл басынан бері Қызылорда облысында лабораториялық зерттеу нәтижесімен нақтыланған қызылша ауруының 11314 жағдайы тіркелді. 1138 жағдай – 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмаған, олардың саны жалпы сырқаттанушылықтың 80%-ын құрады. Қазақстан Республикасвы Үкіметімен бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы екпе баланың 12-15 айлығында және 6 жасында салынады. Бүгінгі күні сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты қосымша екпе науқаны енгізіліп отыр.
Аурудан сақтанудың басты жолы ретінде бүгінгі күні тиісті контингенттер арасында (6-10 ай 29 күндік, 2-4 жас және медициналық қызметкерлер) қосымша жаппай иммундау 6 қарашадан басталып, осы аталған контингенттер бойынша 28088 адам қызылшаға қарсы екпе алды. Иммундау шарасы әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баршаңызды, әсіресе ата-аналарды өз балаларын ауруға қарсы вакцинациялауға шақырады.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: