Бейсенбі, 02 мамыр, 02:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылша ауруының эпидахуалын тұрақтандыру мәселесі қаралды

03.11.2023

546 0

Бүгінгі күні әлем бойынша қызылша ауруының эпидахуалы күрделі. Облыстағы ауру көрсеткіштері де алаңдатарлық. Осыған орай эпидахуалды тұрақтандыру мәселелерін талқылау мақсатында штаб отырысы болып өтті.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы мен денсаулық сақтау басқарма мамандары, медицина ұйымдарының басшыларының қатысуымен өткiзiлген жиында қызылша ауруының алдын алу жұмыстарының барысы, вакцинациялау көрсеткіштері, екпеден бас тартушылармен тиімді жұмыс жасау әдістері, ауруды диагностикалау мен емдеу алгоритмдері, дәрі-дәрмектер мен төсек орындар қоры, науқаспен қарым-қатынаста болғандарды медициналық бақылауға алу алгоритмдері пысықталып, проблемалық мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар қаралды.
2023 жыл басынан бері Қызылорда облысында лабораториялық зерттеу нәтижесімен нақтыланған қызылша ауруының 708 жағдайы тіркелді. 611 жағдай – 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды, оның ішінде 163 жағдай 1 жасқа толмаған сәбилер арасында орын алды. Ересек тұрғындар арасынан 97 науқас анықталды.
Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмаған, олардың саны жалпы сырқаттанушылықтың 67%-ын құрады, оның ішінде медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты егілмегендер үлесі – 18%, егілетін жасқа жетпегендер үлесі – 34%, вакцинациядан бас тартқандар үлесі – 46%, сондай-ақ жоспарлы вакцина алуға тиісті мерзімде негізсіз себептермен (жол жүріп кету, тұрғылықты мекен-жайынан тыс жерде болу, т.б.) екпе алмай жүргендер көрсеткіші – 2,0 %-ды құрады. Бұдан бөлек, 86 науқастың қызылшаға қарсы иммундық мәртебесі белгісіз екендігі анықталды.
Ауырғандардың ішінде екпе алған науқастар да бар, алайда олар қызылшаға қарсы екпенің толық курсын алмаған, тек 1 дозасын алған, яғни ағзада толық иммунитет қалыптаспағандар арасынан ауруды жұқтырып алу деректері орын алып отыр.
Штаб отырысында ағымдағы жылдың 06 қарашасынан 1-ші этапта басталатын 6 ай мен 11 айға дейінгі сәбилерді қосымша иммундауға дайындық шаралары, екпе кабинеттері мен егу бригадаларының жұмысы, қосымша төсек орындарын жабдықтау сұрақтары, ауруханаларға карантиндер, шектеулер қою қажеттіліктері, екпеге қарсы ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша өзекті сұрақтары пысықталды.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санэпид департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: