Жексенбі, 28 сәуiр, 15:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жаңа жылдық мерекеде тағамнан уланудың алдын алыңыз

25.12.2023

361 0

Фото: облыстық СЭБД

Қыстың келуімен барлық адам Жаңа жыл мерекесін асыға күтеді. Дәстүрлі түрде көптеген отбасыларда үстелді ет тағамдарынан бастап салат, тіске басарлар, кремі бар кондитерлік өнімдерге дейін тағамның ассортиментін әртүрлі етіп  дайындауға тырысады.Алайда егер гигиена талаптары сақталмаса, мерекелік дастарқан тамақтан уланумен бұзылуы мүмкін.

Осыған байланысты, Жаңа жыл мейрамын қауіпсіз тойлау үшінкелесі қағидаларды сақтауды ұсынамыз:

мерекелік үстелге тағамдарды дайындау кезінде оларды сақтау және тұтыну мерзімдерін сақтаңыз, шикі және дайын тағамдардың бірге сақталуына жол бермеңіз, ал олардың сапасыздығына қандай да бір күдік пайда болса, өнімдерді, әсіресе алдыңғы дастарқаннан қалған тағамдарды қолданудан аулақ болыңыз;

сақтық шаралары орындалмаса құс етінен дайындалған, жұмыртқа қосылған тағамдар, майонез бен  қаймақ қосылған салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер (торттар, бәліштер) денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіруі ықтимал;

әдетте мереке күндері қоғамдық тамақтану және сауда объектілері аспаздық және кремі бар кондитерлік өнімдерді көп мөлшерде дайындайды. Осы күндері сақтау және сату мерзімі қысқа түрлі салаттар, ет және балықтан дайындалған тіске басарлар, ет тілімдері, құйма еттер, тауық етінен жасалған тағамдар және басқа түрлері көп сұранысқа ие болады.Осыған байланысты, тамақ өнімінің қауіпсіздігін және сапасын растайтын құжаттардың болуына, оларды сату және сақтау жағдайларына назар аудару қажет;

жаңа піскен тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыздар. Егер дайын тағам басқа күні қалса, қолданар алдында оны термиялық өңдеу, қайнату, қуыру керек;

үйде ыстық және суық тағамдарды дайындаған кезде жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтап, ас үйдің тазалығын қадағалаңыздар;

ас үй сүлгілерін, ыдыс жууға арналған губканы, үстелді сүрту үшін шүберекті жиі ауыстырыңыз;

үйде дайындалған консервілерді салқын жерде сақтау керек, бомбажды, яғни қақпағы ісінген банкаларды тұтынбаңыздар, оларды жою қажет.

Сондай-ақ мейрамханалар және дәмханалар басшыларын Жаңа жыл мейрамы күндері тамақтан уланудың алдын алу шарттарын қатаң орындауға шақырамыз. Персонал жеке гигиена ережелерін, ас блогында тазалықты сақтауы тиіс. Тамақ өнімдерін термиялық өңдеу, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет. Шикі және дайын өнімдерге арналған бөлшектеу мүкәммалын мақсаты бойынша пайдалануды, тағамдар дайындауға бүлінбеген сапалы өнімдерді қолдануды,  шикі өнімдерді дайын өнімдерденбөлексақтаудыұсынамыз.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: