Сенбі, 04 мамыр, 04:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жансақтау бөлімінде жатыр: Елімізде қызылшамен ауырған балалардың 80%-дан астамы екпе алмаған

28.11.2023

374 0

Жансақтау бөлімінде жатыр: Елімізде қызылшамен ауырған балалардың 80%-дан астамы екпе алмаған

Сурет: egemen.kz

Қазақстанда қызылшамен ауырған 14,4 мың баланың 80%-дан астамы егілмеген, оның жартысынан көбісі екпеден ерікті түрде бас тартып отыр.

Елімізде 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған, оның ішінде 82%-дан астамы немесе 14 465-ы балалар. Ал ауырған 14 мың баланың 83%-ы вакцина алмаған.  60% ата-ана баласына екпе егуден бас тартты, қалған балалар егу жасына жетпеген немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар. 

– Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкентте – 3 016 жағдай, Алматы қаласында – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, 2375 бала стационарлық емде, 59,5%-ы төсек тартып отыр, резерв 1093. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 15 бала 1 жасқа толмаған, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

БҰҰ деректері бойынша әлемде 67 миллионнан астам бала пандемияға және вакциналарға деген сенімнің төмендеуінен және басқа да бірқатар факторларға байланысты жоспарлы иммундаудан бас тартқан. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: