Сәрсенбі, 15 сәуiр, 20:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27 (2239)
14.04.2026
PDF мұрағаты

Илон Маск Telegram мен Whatsapp-қа бәсекелес мессенджер шығармақ

13.04.2026

112 0

фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Илон Маскқа тиесілі X компаниясы жаңа мессенджер дайындап жатыр. XChat атты қосымша iOS-қа арналған, 17 сәуірде іске қосылады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Қосымшаның басты артықшылығы – хат алмасу бастан-аяқ шифрланған, скриншоттардан қорғалған, қолданушылар хабарламаларды еркін редакциялай алады. Сонымен қатар, чат ішінде скриншот жасаудан қорғайтын функция болады. Жазған хабарыңызды қателессеңіз түзеп немесе екі жақтан да бірдей өшіріп тастауға мүмкіндік бар.

Бұған қоса, XChat-та оқылғаннан кейін өзі жоғалып кететін хабарламалар және жүздеген адам сыятын ірі чаттар болады. Мессенджердің ең үлкен артықшылығы – мұнда ешқандай жарнама болмайды. Бұл оны WhatsApp пен Telegram-нан ерекшелеп, пайдаланушылар үшін тартымды ете түспек дейді компаниядан.

Оның басқалардан тағы бір басты айырмашылығы – қоңырау шалу үшін телефон нөмірін көрсетудің қажеті жоқ.

Файл алмасу мен қоңырау шалуға арналған XChat жүйесін іске қосатынын Илон Маск былтыр жазда айтқан еді. XChat-ты шығару арқылы миллиардер Х платформасын жай ғана әлеуметтік желі емес, ішінде хат жазу, сөйлесу және басқа да қызметтер біріктірілген әмбебап қосымшаға айналдыруды көздеп отыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: