Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік желінің әлегі

05.12.2020

1140 0

Өткен аптада Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь Twitter әлеуметтік желісіне фотосурет жариялады. Жазбада Аустралия әскери қызметкерінің ауғанстандық бүлдіршін қыз баланың тамағына пышақ тақаған бейнесі көрсетілген. Аустралия билігі болса бұл қадамды «ұятқа», «сорақы» тірлікке балап, қарсы тараптың кешірім сұрауын талап етуде. Осы орайда «BBC» арнасының тілшісі Шайма Халил істің мән-жайын айғақтаған арнайы хабар әзірлеп, тың ақпаратпен бөлісті. Хабар атауы – «Аустралия «жалған сурет» үшін Қытайдың кешірім сұрауын талап етті».

«Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын фотосурет жариялап, фотосуретке: «уайымдама, біз бейбітшілік үшін келдік» деген жазба қалдырған. Мұндай қорлыққа көнбеген Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон фотосуреттің жалған екенін және дереу өшіруді талап еткен. «Бұл – сорақы тірлік және ешқандай негізсіз фотосурет. Қытай билігі әлем алдындығы абыройын түсірмес үшін бұл әрекетіне ұялу қажет» деген премьер-министр.

Қытайлық шенеуніктің фотосурет жариялауы тегін емес. Себебі өткен айдың ортасында генерал-майор, сот өкілі Пол Бреретонның аустралиялық жауынгерлердің Ауған жерінде жасаған қылмысы туралы мәлімдемесі әлемдік ақпараттық агенттіктерде жарияланған еді. Тергеу мәліметіне сәйкес, 2009-2013 жылдары аустралиялық арнайы топтың 25 әскері Ауғанстандағы 39 бейбіт тұрғынды өлтірген. Оған жиналған дерек пен куәгер сөзі дәлел болған. Тергеу мәлімдемесі мен Қытай тарапының әлеуметтік желідегі әлегі әскерилерге де оңайға соқпады. Соңғы аптада Ауғанстанда арнайы топ құрамында қызмет еткен зейнеттегі 9 әскери азамат өз-өзіне қол жұмсаған».

Сейсенбі күні Аустралиядағы Қытай елшілігі кешірім сұрау талабының орынсыз екенін айтып, қайта қарсы тарапты істеген істі мойнымен көтеруге және кінәлілерді жазалауға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: