Бейсенбі, 28 наурыз, 13:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Ислам сепаратизміне» қарсы күш

12.12.2020

929 0

Еуропа босқындарға есік ашқалы біраз уақыт өтті. Таяу Шығыс пен Африка мемлекеттерінен келген халық ел жағалап, Еуропада жан сауғалады, тіршілікке араласты. Әлеуметтанушылар мен саяси ұстанымы терең орта келеңсіздіктің ерте ме-кеш пе боларын болжаған еді. Қателеспеді де. Босқын күйін кешкен жұрт орнығып, арада буын ауысқалы келген жердің қожасы, паналаған халыққа үстем көріну ісі байқалды. Мәселенің бастау көзінде дін тұрғандықтан, сенімдер қақтығысы жағдайды ушықтыра түсті. Соның айқын дәлелі – Франциядағы оқушы шешен эмигрантының пайғамбар карикатурасы үшін ұстазды өлтіруі. Енді, міне, ел билігі он шақты жылға созылған діни шиленіске нүкте қоймақ. Мемлекет арнайы заң әзірлеп, діни жоралғы талаптарын шектеуге көшті. Оқиға туралы «The Wall Street Journal» басылымының тілшісі Ноэми Биссерб «Франция ислам әлеуетін ауыздықтайтын заң шығармақ» атты көлемді мақала әзірлеген. Автор жаңа заң аясында Францияның заң үрдісі мен діни фанатизмнің сорақы салдарын тарқата суреттеген.

«Билік ел президенті Эммануэль Макронға діни ықпалды азайту және Франция Республикасының құнды­лығын қорғайтын жаңа заң жобасын ұсынды. Бұған дейін «исламдық сепаратизм» саналған оқиғалар ақыры ислам радикализмінің алдын алуға бағытталған қадамға жетелеген секілді. Мысалы, соңғы үш жылда 30-ға тарта діни қақтығыс пен қылмыстық оқиға орын алған. Сәрсенбідегі мәлімдемеде премьер-министр Жан Кастекс: «Мемлекет өзін қорғауға көшті» деген болатын. Заң жобасы құқық қорғау органдары мен ислам топтарының арасындағы шиеленісті ушықтыруы ықтимал. Мәселен, заң күшіне енсе, әйелінің ер дәрігерге қаралуына тиым салатын азаматтар бес жылға, өзге адамның ақпаратын әлеуметтік желіге жариялаған тұлға үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған қоса, үш жасқа толған баланың міндетті түрде мектепке баруы, діни бірлестікке сырттан келетін қаржы мөлшерін шектеу шараласы нақтыланған».

Автордың пікірінше, аталған міндеттеменің айна­лымға енуіне біршама уақыт қажет. Себебі Франциядағы ислам қауымы Еуропадағы ең ауқымды топ саналады. Діни ұстанымға берік азаматтар заңдағы кей талаптың орынсыз әрі негізсіз жасалғанына ашынады. Мақалада «Франция мұсылмандары» (des Musulmans de France) қауымдастығының президенті Ануар Кбибеч: «Біз сөзсіз зұлымдық пен қатігездікке қарсымыз. Бірлі-жарым адасқандар үшін бар мұсылман қауымды қиын жағдайға қалдыру әділетсіздік» деп пікір білдірген.

«Карикатураға» қатысты соңғы оқиға ел билігін қатаң шараға баруға итермелегені анық. Бүгінде мемлекетте бірнеше діни мектептер жабылып, бірлестіктер мен топ­тардың құзыреті шектеліп. ондаған мешітке тергеу жұмысы жүрген. Көршілер болса, Франция әрекетін қоғам­да алауыздық тудыру, азаматтарды алалау деп баға беруде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: