Сенбі, 27 сәуiр, 08:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақ қызы АҚШ президентінің протоколы басшысы атанды

22.01.2021

1075 0

Қазақстан тумасы Әсел Робертс АҚШ хаттама басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды state.gov.

Әсел Робертс (бұрынғы Төленова) АҚШ хаттама бастығының міндетін атқарушы қызметіне 2021 жылдың 20 қаңтарында кірісті.

«Хаттама басшысының кеңсесінде 15 жылдан аса тәжірибесі бар ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарды. Робертс ханым Джорджтаун университетінің Эдмунд Уолш атындағы Дипломатиялық қызмет мектебін халықаралық құқық және ұйымдар саласындағы бакалавр дәрежесімен тәмамдаған. Ол орыс, қазақ және жапон тілдерінде сөйлейді», – делінген сайтта.

Әсел Төленова 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылы ол Джорджтаун университетіне дипломатиялық қатынастар факультетіне, ал бес жылдан кейін АҚШ президентінің хаттама департаментіне қызметке кірді. 2014 жылы департамент басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Әсел Робертс Барак Обама кезінен бері хаттамада 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Оның суретін Германияның федералды канцлері Ангела Меркельдің Instagram-дағы аккаунтынан да табуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: