Жұма, 26 сәуiр, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Солтүстік Корея індетпен белсене күресуде

11.09.2021

948 0

Жақында коммунистік мемлекеттің құрылуына 75 жыл толуына орай Солтүсік Кореяда әскери шеру өтті. Жергілікті БАҚ өкілдері шара барысынан бірнеше сурет жариялады. Әскери шеруде ұзақ уақыт көрінбеген Солтүстік Кореяның Мемлекет басшысы Ким Чен Ын да бой көрсетті. Атаулы шарада бірнеше қызықты жағдай болып, ВВС арнасының тілшісі Лаура Биккер «Солтүстік Корея: бетперде және газға қарсы маскамен өткен шеру» атты мақаласын жариялады.

Атаулы күнге орай ұйымдастырылған салтанатты шеруде қорғаныш киімдері мен бетперде киіп өткен жұмысшылар шеруі көпті таң қалдырды. Одан бөлек Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның біраз өзгергені де көптің назарынсын қалмады.

Қазіргі таңда Солтүстік Кореяда коронавирустық инфекцияның кесірінен азық-түлік жетіспеушілігі мен экономикалық дағдарыс орнаған. Бейсенбіде жергілікті БАҚ өрт сөндірушілер, еңбекшілер тобы мен от шашу суреттерін жариялады. Арна тілшісінің хабарлауынша, шеруде ерекше көзге түсетін сарғылт түсті киіммен арнайы топ өткен. Бұл елде коронавирустың алдын алу бойынша қызмет етіп жатқандар болуы мүмкін деп болжады.

Мақалада сондай-ақ бұл елдегі шерулер негізінен жаңа әскери техника мен қарулы күштер қатарын көрсету үшін немесе қиын кезеңде халықтың рухын көтеру мақсатында ұйымдастырылады-мыс. Одан бөлек бұл шеруде халыққа ел ішінде коронавирустық ахуал бірқалыпты екенін түсіндіруге тырысқан деп болжайды тілші. Дегенмен елде вирусқа қарсы күрес шаралары әлі белсенді түрде жалғасуда. Яғни ел ішінде вирустық қауіп жоқ деуге болмайды. Соңғы 12 айда Пхеньян 3 әскери шеру ұйымдастырды. Бұл әдеттегіден әлдеқайда көп. Тілші мұндай шаралар әлі вакцинаның бірде бір түрін қабылдамаған халық үшін аса қауіпті деп жазады.

Қытайдың ресми БАҚ-тарының хабарлауынша, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Солтүстік Кореяға құттықтау хатын жолдаған. Жалпы бұл екі ел достық қарым-қатынаста екені көпке белгілі.

Бірақ Ким Чем Ын 2020 жылдың қаңтарында барлық шекараларын жапқан соң екі ел арасында тауар айналымы тоқтап қалған. Одан бөлек Қытай ұсынған вакцинаның үш миллион дозасынан да Солтүстік Корея бас тартқан.

ДДСҰ мәліметінше, Солтүстік Кореяда қазіргі таңда Covid-19 вирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген. Алайда кейбір сыншылар бұл ақпаратқа сенімсіздік танытуда. ДСҰ-ның апталық мәліметінше, шамамен 37291 адам сынама тапсырып, ешкімнен вирус анықталмаған.

Алайда Ким Чен Ын пандемияның кесірінен азық-түлік жетіспеушілігі орнап, ел ішінде адамдар аштықтан көз жұмып жатқанын мойындады деп жазылған мақалада. Ел ішіндегі экономика да тұрақсызданып, дағдарыс орнағанын Солтүстік Кореяның басшысы ашып айтқан.

Дегенмен БҰҰ агентігі Солтүстік Корея өзінің ядролық жоспарын әлі де тоқтатпағанын мәлімдеді. Агенттіктің хабарлауынша, елде ядролық қаруға қажетті плутонийді шығаратын реактор қайта іске қосылған. Бұл әлем елдеріне үлкен қауіп төндіріп тұрғаны да жасырын емес.

Қысқасы, Ким Чем Ын ел ішіндегі қиындықтарға қарамастан халықты жігерлендіріп қана қоймай, өзге мемлекеттерге өз мысын да көрсетуді жөн көрген секілді. Ал пандемия мен ядролық қару туралы күмәннің орынды не орынсыз екенін әлі нақты айтып көрсету мүмкін болмай тұр.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: