Дүйсенбі, 06 мамыр, 20:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

АҚШ Әскери-әуе күштерінің хатшысы: «Қытай АҚШ-пен соғысуға дайындалып жатыр»

13.09.2023

480 0

АҚШ Әскери-әуе күштерінің хатшысы Фрэнк Кендалл америкалық биліктің Қытай Халық Республикасымен ықтимал әскери қақтығысқа дайындалуы керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Hill басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кендалл Вашингтонды Қытаймен соғысуға дайындалуға шақырып, қақтығысты ауыздықтап, жеңіске дайын болу керектігін баса айтты. 

Оның пікірінше, АҚШ «заманауи тәжірибесі жоқ соғыс түріне дайын болуы керек».

Министр егер Американың әскери әлеуеті Қытайдың Тайваньға агрессиясын тоқтата алмаса, қақтығыс басталуы мүмкін екенін жеткізді. Ол Пекин Вашингтонмен қарулы қақтығыс үшін өз армиясын дайындап жатқанын айтты. 

«Қытай 20 жылдан астам уақыт бойы Батыс Тынық мұхитында АҚШ-ты жеңу үшін өзінің супердержавалық мүмкіндіктерін оңтайландыруда», – деді Кендалл.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: