Жұма, 03 мамыр, 07:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

АҚШ-Қытай: Кім кінәлі?

21.02.2023

705 0

АҚШ пен Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктері сенбіде елдің жоғарғы дипломат­тары арасындағы шиеленіс жағдайында және Қытай шарының құлауына байланысты «айыптаулармен» алмасты.

Қытайдың сыртқы саясаттағы ең жоғары лауазымды қызметкері Ван И Мюнхен қауіпсіздік конференциясында АҚШ жерінде пайда болған қытайлық шар туралы мәлімдемелерді сынға алды. Сол күні кешке АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Блинкен мен Ван бейресми бір сағаттық кездесу өткізген.

«Мемлекеттік хатшы Қытайдың әуе шары ар­қылы АҚШ жерін бақылау егемендік пен аумақтық заңнама бұзғанын айтып, мұндай оқиға ешқашан қайталанбауы керек екенін ескертті», – делінген Нед Прайс мәлімдемесінде.

Негізі Мюнхен кездесуі Байден әкімшілігінің шар оқиғасынан кейін және сол кездегі Палатаның спикері Нэнси Пелосидің өткен жылы Тайваньға сапарынан кейін екі ел арасындағы қарым-қаты­настың нашарлауын тоқтатуға бағытталған.

Мюнхендегі Қытай делегациясының мүшесі Ван Хуйяо: «Екі жоғары дәрежелі дипломаттың кездесуі екі жақтың болашақтағы жоғары деңгейдегі диалогын қайта бастауға жол ашты. Енді екі ел тек шар туралы сөйлесіп қана қоймай, сонымен қатар басқа мәселелер бойынша келіссөздер үстеліне қайта оралады», – деді.

Алайда екі елдің қарым-қатынасы жақсарады дегенге сенетіндер аз. Өйткені кездесуде қытайлық тарап не мақсаттағы шар екенін ашып айтпады және кешірім де сұрамады.

Ал Қытайдың Синьхуа агенттігі 4 ақпанда аме­рикалық жойғыш ұшағы атып түсірген Қытай шарына қатысты Қытайдың ұстанымын баяндап, АҚШ-ты «Қытайды негізсіз айыптап, залал келтірді», – деген ой білдірген деп жазды.

Кездесуде сондай-ақ, Қытайдың Ресейге «бол­жамды» көмегі мен  Тайвань ахуалы да айтылды. Сонымен қатар Блинкен алдағы уақытта келіссөз жалғасып, Байден Си Цзиньпинге хабарласатынын да жеткізген.

Мюнхен кездесуінде қытайлық дипломат Ван алдағы уақытта ҚХР да Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасайтынын айтты. «Біз біреудің арқасында қарын тойдыруға қарсымыз. Қашанда бейбіт келіссөздерді қолдаймыз. Сонымен қатар ешқашан отқа май құймаймыз», – деді Ван.

Байден әкімшілігінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Кэрри өзінің қытайлық әріптесімен климаттың өзгеруі туралы келіссөздерді қайта қарауға дайын екенін және бұл мәселеге назар аудару арқылы Бейжіңмен байланысты қайта нығайтамыз деп үміттенетінін айтты. «Менің ойымша, климат – бұл ынтымақтастықты табудың жолы», – деді ол.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: