Жұма, 17 мамыр, 14:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Бұл әлем үшін үлкен қателік болады: Ресей ядролық жаттығулар өткізу туралы мәлімдеме жасады

26.10.2022

682 0

Ресей жыл сайын ядролық оқу-жаттығулар өткізу жоспары туралы хабардар етті, деп хабарлайды «Америка дауысы» сайты.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің ядролық қаруды қолдануы әлем үшін “ең ірі қателік” деп атады.

Ресей Гром стратегиялық ядролық күштерінің жыл сайынғы оқу-жаттығуы кезінде зымырандарға сынақ өткізеді. Өткен жылы осы оқу-жаттығулар барысында Ресей Федерациясы құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшырды.

25 қазанда Ресей БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне Украинаның «лас бомба» қолдануға дайындалып жатқаны туралы хат жолдаған. Батыс және Украина шенеуніктері бұл мәлімдемені жалған ақпарат және соғыс қимылдарын өршітуге сылтау деп атады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс жаттығу туралы хабарлама талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл бізді алаңдатады, өйткені Ресей жиі өзгені айыптап, өзі соны жасайды. Дегенмен бізде Ресейдің ядролық қаруды қолдануға дайындалып жатқаны туралы барлау деректері жоқ», – деді Прайс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: