Бейсенбі, 10 қазан, 04:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Елімізден аластатылды

09.12.2021

974 0

Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 6-12 аралығында облыс аумағында «Заңсыз-келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның 4 күн нәтижесінде жалпы 332 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған231 шетелдік  анықталды, сонымен қатар, шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар көші-қон заңнамасын бұзған және шетелдік Қазақстан Республикасының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республиканың 101 азаматына әкімшілік шаралар көрілді. 

Іс-шара кезінде Өзбекстан Республикасының 18 азаматы елімізден аластатылды.

«Құрметті қала тұрғындары шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, жұмысқа рұқсат алып, ҚР халықтың көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал.

Егерде заң талаптарын орындамай өрсекел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетін болады»,- деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: