Сәрсенбі, 08 мамыр, 22:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Мәскеуде теракт жасамақ болған екі қазақстандық атыс кезінде көз жұмды

09.03.2024

336 0

Фото: видеодан скриншот

Ресейлік федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеудегі синагогаға жасалатын шабуылдың алдын алғанын мәлімдеді. Атыс кезінде Қазақстанның екі азаматы көз жұмған. Бұл туралы Astra басылымы хабарлайды.

Ресей қауіпсіздік қызметінің мәліметіне сәйкес, «Вилаят Хорасан» ұйымының екі мүшесі теракт жасауды жоспарлаған. Мәскеудегі синагогаға шабуыл жасалатынын федералды қауіпсіздік қызметінің жедел қызметкерлері анықтаған. Ал теракт жасамақ болғандар Калужск облысындағы жеке үйлердің бірінде болыпты. Дегенмен тұтқындамақ болғанда күдіктілер қарсылық танытқан. Сондықтан қауіпсіздік қызметі оларға қарсы оқ атыпты. 

Astra дерегіне сәйкес ФҚБ мен күдіктілер арасындағы атыс 7 наурызда таңертең Коряков ауылында болған. Салдарынан қос Қазақстан азаматы – 35 жастағы Сәбит А. мен 32 жастағы Жәнібек Т. мерт болды. Олар Ресейге 28 ақпанда келді деген ақпарат бар. 

Тінту кезінде үйден Макаров тапаншасы, Калашников авоматы мен жарылғыш зат жасауға арналған жабдықтар табылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: