Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мьянмадағы қақтығыс: 38 адам қайтыс болды

10.03.2021

1269 0

Ақпанның басында Мьянмада әскери қақтығыс басталған еді. Оған қазанда өткен парламенттік сайлау себепкер болған. Үкіметті әскери басып алуды елдегі қарулы күштердің бас қолбасшысы Мин Аун Хлайн бастап, президент пен басқарушы партия басшысын қамауға алды. Кейін президент міндетін вице-президент Мьина Шве атқарса, Мин Аун Хлайн мемлекеттік басқаруды қолға алды. Қақтығыста 38 адам қаза тауып, елдегі ең «қанды күн» деп жарияланды. Осыған байланысты «The New York Times» газетінің тілшісі Рик Гладстон «БҰҰ Мьянмадағы «қанды күнде» қақтығыс басталғалы 38 адам қаза тапты» деген мақала жариялады.

Тілші мақаланы БҰҰ Мьянмадағы өкілі Кристин Шранердің сөздеріне сүйеніп жазады. К.Шранер адам өлімі туралы ақпарат хунтаның БҰҰ-ға жіберген өкілі аяқ асты отставкаға кеткенде хабарланды дейді.

Мақала авторы сәрсенбідегі оқиғаның басты себебі наурыздағы БҰҰ қауіпсіздік ұйымы АҚШ-тың жұмада ахуалды реттеу үшін кездесу жариялаған болуы мүмкін деп тұжырымдайды. 1 ақпандағы көтерілістен кейін Мьянмада хаос орнап, әскери хунта басшылар мен партия өкілдерін қамауға алған. Ал қауіпсіздік күші төңкеріс жасаушыларға ең ауыр деген әдістерді қолдану арқылы оқиғаны ушықтырған.

Үш жыл бұрын Мьянманы бақылаушы болып сайланған швейцариялық дипломат Бургенер ханым баспасөз конференциясында хунталар оны елге кіргізбегенін айтты. Ол көтерілісшілерге халықаралық қуғынға ұшырайтынын ескертіп, берілуін сұрағанда олар «Біз санкцияларға үйрендік», «Біз тек өзімізге ғана қажетті елдермен араласуды үйренуіміз керек» деп жауап берген. Сондай-ақ Мьянманы бақылаушы ханым оған халық атынан халықаралық әрекет жасап, репрессияны тоқтату туралы өтініш хаттар келіп жатқанын хабарлады.

«Бүгін ең «қанды күн» болды. Тек бүгін ғана 38 адам қаза тапты» деді Бургенер өз сөзінде. Бірақ ол мұндай ақпаратты қайдан алғанын және бұл өлім қай жерде тіркелгенін айтпаған. Мақала авторы бұл ақпарат нақтыланса, онда 18 адам өлген жексенбідегі нәтиженің де алдына шығады деп жазады.

Тілші мұның барлығын Бургенер Мьянманың дипломатиялық өкілдігіне деген БҰҰ сенімсіздігі арта түскендіктен деп пайымдайды. Себебі елші У Чжо Мо Тун әлемдік аренада эмоционалды сөз сөйлеп, хунта басшыларын айыптаған. Бұл өз кезегінде оны дипломаттар мен демократиялық белсенділер арасында «батырға» айналдырды. Сенбіде генералдар оны жұмыстан шығарғанын, ал БҰҰ-ның ресми өкілдері Чжо Мо Тун «ресми хат» арқылы Мьянманың ресми өкілі болып қала беретінін хабарлағанын айтады. Десе де Мьянма сыртқы істер министрлігі Мо Тунның елдің ресми өкілі емес, енді оның орынбасары У Тин Маунг Наинг БҰҰ-ның басты дипломаты деп жариялаған.

Бірақ У Тин Маунг Facebook парақшасында ешқандай түсіндірусіз отставкаға кеткені туралы жазба жариялайды. Гутериштің көмекшісі Стефан Дужаррик олар У Тин Маунгтің отставкаға кететінін біліп, бірақ «ешқандай ресми хат» келмегенін айтты. Осы мәселелердің нәтижесінде БҰҰ қарама-қайшы мәліметтердің тінін тарқату үшін барлық ақпарат дипломатиялық өкілдікке қатысты туындаған дауларды шешетін Бас Ассамблеясына ұсынбақ. Қысқасы, автор Рик Гладстон Мьянмадағы дауды шешуге Біріккен Ұлттар Ұйымы көмектескісі келгенімен, ел үкіметі бұрыс ақпарат беріп кедергі келтіріп отырғанын жазады. Сондай-ақ тілші елдегі ахуал аз уақыт ішінде шешілмесе қиындап кетуі мүмкін деп тұжырымдайды.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: