Жұма, 03 мамыр, 07:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Олимпиадада танылған спортшы қазақ қыз қытай жігітіне тұрмысқа шықпақ

20.01.2024

412 0

Сурет: massaget.kz

Қытайдағы қандасымыз, спортшы Ақнәр Ардақ тұрмысқа шығатыны туралы ақпарат тарады. Былтыр Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай атынан сынға түскен ол Қазақстанда да бірден танымал болған еді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Басылым мәліметінше, Ақнәрдің таңдауы қытай азаматына түскен сыңайлы. Жігіт те спортшы, конькиден ұлттық құраманың мүшесі, Бейжің олимпиадасының чепионы – Гао Тингю.

Конькиші жігіт әлеуметтік желідегі парақшасына Ақнәрмен бірге түскен суреттерді жариялап тұрады. Екеуі де ауқымда жарыстарға қатар қатысып, бірге жүлдегер атанған.

Гао Тингю Бейжің олимпиадасында 500 метрге жүгіруден чемпион атанған.

Ақнәр биыл 1 маусымда 25 жасқа аяқ басады. Ол 1999 жылы Шыңжаңда дүниеге келген. Бастапқыда шорт-трек бойынша жарыстарға қатыса бастаған, ал 2018 жылдан бері конькимен жүгіру бағытына ауысып, тұрақты шұғылдана бастады.

Қазақ қызы мұз үстінде сырғанауға жастайынан ден қойған. Қытай мектебінде сабақ беретін анасы оны 5 жасында конькиге жетектеп апарғанын айтады. Ал кәмелет жасына толар шағында Қытайдың Шыңжаң құрамасының қатарына еніп, ауқымды жарыстарға бақ сынай бастаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: