Жұма, 03 мамыр, 03:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Оңтүстік Африкада 10 жыл жаумаған қар жауды

11.07.2023

354 0

Шілдеде Оңтүстік жарты шар ақ ұлпаға оранды. Оңтүстік Африкада 10 жылдан кейін қар жауды, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметі.

Басылымның жазуынша, билік оңтүстік африкалықтарға жылы киінуге кеңес берген, өйткені суық фронт елдің көп бөлігін қамтыған және ол кем дегенде бір аптаға созылады деп күтілуде. «Қардың жаууы әзірге үлкен қиындықтар туғызған жоқ», – дейді Оңтүстік Африканың ауа райы қызметінің (Saws) өкілі Би-би-си-ге. Қар Оңтүстік Африканың бірқатар провинциясында, соның ішінде Шығыс Кейпте, Мпумалангада және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағында жауған. Йоханнесбург тұрғындары қар басқан көшелерді көріп таңғалған, өйткені мұндай құбылыс бұл аймақта сирек болады. «Қарды көру үшін кейбір оқушылармен бірге менде далаға шықтым… кейбіреулер қардың не екенін біледі, ал басқалары бұны жай ғана жаңбыр деп ойлаған», – дейді бастауыш сынып мұғалімі Агнес Мидева. Үй қызметкері Нобухоcи Стомпи Би-би-сиге қарлы жолдармен жұмысқа барғанын және бұрын-соңды мұндайды көрмегенін айтқан. «Үйлеріміз жылы, сондықтан бәрі дұрыс. Қар бүкіл жерге жауған, ол біздің ауданның жанындағы егістіктерді де басып қалған – бұл өте әдемі көрініс», – дейді бақылаушы Билли Нксумало. Басылымның мәліметінше, Оңтүстік Африкада кенет күтпеген жерден қар жаууы климаттың өзгеруі салдарынан ба, ол жағы әзірге белгісіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: