Дүйсенбі, 15 шiлде, 20:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55-2065
13.07.2024
PDF мұрағаты

Оқушы жасаған шабуыл

08.12.2021

796 0

Соңғы уақытта әлемде жасөспірімдер қылмысы артып келеді. Соның ішінде оқушылардың мек­тепке қарумен келіп, жазықсыз жандарға оқ ату фактілері тіркелуде. Сондай оқиғаның бірі Мичиган штатында болып, мектепте оқ атқан оқушы бірнеше адамды жаралаған. Бұл туралы ВВС арнасы «Мичиган мектебіндегі атыс: оқушы төрт адамды өлтіріп, жетеуін жаралады» тақырыбында мақала жарияланы.

Арна таратқан ақпарат бойынша, 15 жастағы мектеп оқушысы өз мектебінде оқ атып, 4 адам көз жұмған, сонымен қатар жеті адам жарақаттанған. Жарақат алғандардың біреуі мектеп мұғалімі. Оқиғадан 17 жастағы екі оқушы, 14 және 16 жастағы жасөспірімдер көз жұмған.

Полицияның хабарлауынша, күдікті жұма күні әкесі сатып алған пистолетпен мектепте оқ жаудыр­ған. Әзірге оқиғаның негізгі себебі анықталмай отыр. Мақалада оқушылардың қалай жарақат­танғаны, кейбір оқушының сол күні неліктен сабаққа бармай қалғаны да жазылған.

Полицияға алғашқы жедел қоңырау жергілікті уақыт бойынша 12:51-де Детройттан 40 миль (65 км) жерде орналасқан Оксфордтағы орта мектептен келіп түскен. Аз ғана уақыттың ішінде жедел жәрдем қыз­метіне де жүзден астам қоңырау келген.

Полицияның мәлімдеуінше, күдікті өз еркімен берілген. Сондай-ақ полиция тұтқындау кезін­де күдіктіге оқ атылмағанын және оның жарақат ал­мағанын, сол кезде күдікті оқушының қолында әлі де жеті оғы бар жартылай автоматты тапанша болғанын айтқан.

Оқиғаның қалай болғаны белгісіз, бірақ полиция оқушы қаруды мектепке өз сөмкесімен кіргізіп, жуыну бөлмесінен шыққан кезде оқ атуды бастағанын айтқан.

32 000-нан астам адам осы шабуыл кезінде көз жұмған Мичигандағы ең перспективалы жас американдық футболшылардың бірі Майр Тэйттің құр­метіне мектеп стадионының атын өзгерту туралы онлайн петицияға қол қойды.

Жарақат алған екі адамға сейсенбіде ота жасалып, оқтан жараланған қалған алтауының жағдайы тұрақты деп бағаланған. Иығынан жараланған мұғалім қазіргі кезде ауруханадан шығарылды.

Окленд округінің шерифі Майк Бучард тергеушілер бұл зорлық-зомбылық әрекетіне не себеп болғанын түсіндіре алмайтынын айтып, күдіктінің құқық қорғау өкілдеріне ешқандай жауап бермегенін жеткізген. Полицияның хабарлауынша, оқушыны ата-анасы полицияға жауап бермеуге үгіттеген.

Аталған оқиғаға байланысты штатта аптаның соңына дейін барлық мектептер жабылып, полиция ата-аналарды түсіністік танытуға шақырды.

«Detroit Free Press» агенттігінің хабарлауынша, алдын-ала шабуыл болуы мүмкін деген қауесет тарап, кей оқушылар сейсенбі күні сабаққа бармауды жөн көрген.

Джоди Джоб атты оқушының ата-анасы газетке білдірген пікірінде ұлының «бірдеңе болатынын сез­гендіктен» мектепке бармағанын айтқан. Робин Реддинг «Associated Press» агенттігіне оның ұлы да қауіптеніп, сабаққа қатыспағанын жеткізген.

«Оқиға болған күні ол мектепке бармады. «Мама, мен қорқамын. Менің сыныптастарымның біреуі де бармайды» деп үйде қалды», – дейді Робин Реддинг агенттікке берген сұхбатында.

АҚШ президенті Джо Байден аталған оқиға туралы Миннеаполиске барған сапарында пікір білдірді. «Мен жақын адамынан айырылып, елестету мүмкін емес қайғы-қасіретін бастан кешіріп жатқан отбасылардың қайғыларына ортақпын», – деді ол.

«Everytown» атыс қаруын бақылау ұйымының мәліметі бойынша, АҚШ-та соңғы жылдары мектептегі атыстың тұрақты өсуі байқалады. 2021 жылдың басынан бүгінге дейін мектеп аумағында 138 атыс оқиғасы тіркелген.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: