Сәрсенбі, 08 мамыр, 09:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Путин: Мәскеудегі терактіге Украина жол ашқан

23.03.2024

559 0

Фото: nege.kz

Ресей президенті Владимир Путин Украина Мәскеудегі Крокус Сити Холлда атыс ұйымдастырған лаңкестердің өтуі үшін «терезе» дайындағанын айтты, деп хабарлайды nege.kz.

Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен 20 сағатқа жуық уақыттан кейін Ресей Федерациясының президенті видеоүндеу жариялап, 24 наурызды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Ол бұл оқиғаны «жабайы» және «қанды» лаңкестік әрекет деп атады.

Лаңкестік әрекеттің төрт тікелей орындаушысы, адамдарды атып өлтіргендердің барлығы табылып, ұсталды, олар қашуға әрекеттеніп, Украинаға қарай жылжыды, онда, алдын ала мәліметтер бойынша, олар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өтге Украина жағынан терезе дайындалған, – деді ол.

Путин лаңкестік әрекетке қатысқандардың барлығы жазаланады деп уәде берді.

Қатысатындардың барлығы жазаланады. Олар кім болса да. Оларды кім басқарса да. Біз Ресейге шабуыл жасағандардың барлығын анықтап, жазалаймыз.

Біз халықаралық терроризмге қарсы күресте басқа елдермен күш біріктіруге дайынбыз. Біздің міндетіміз – бір қатарда болу. Бірлігіміз бен ерік-жігерімізді ешкім де, ештеңе де шайқалта алмайды, – деп қосты Путин.

Сонымен қатар бұған дейін Зеленскийдің кеңсесі ресейлік БАҚ-тағы бірқатар жарияланымнан кейін Украинаның терактіге еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: