Сәрсенбі, 24 сәуiр, 02:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

11.01.2022

748 0

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёевпен, Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен және Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев оларға Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы және елімізде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

Шетелдік көшбасшылар Қазақстан басшылығының жағдайды реттеу жөніндегі іс-қимылдарын қолдайтынын айтып, елімізбен арадағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: