Сенбі, 18 мамыр, 20:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар Пресняковтың концертіне тыйым салуды талап етті

05.02.2024

277 0

Сурет: stan.kz

Қазақстандықтар Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтын ресейлік әнші Владимир Пресняковтың концерттеріне тыйым салуды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Келесі айда Владимир Пресняков Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. 

Ресейлік әншінің концерттері 15 наурызда Астанада және 16 наурыз күні Алматыда өтуі тиіс еді. Билет бағасы 15 мың теңгеден басталып, 60 мыңға дейін барады. 

2022 жылы Пресняков Ресейдің Украинаға басып кіргенін қолдап, концерттен түскен қаражатын Ресей әскеріне беретінін мәлімдеді. 

Былтыр ол ресейлік басқыншылар мен Ресей Федерациясының Украинаға қарсы сұрапыл соғысын қолдап концерттер ұйымдастырғандықтан Украинаның санкция тізіміне енгізілді. 

«Оның концерттеріне билет сатып алмаңыз – бейбіт тұрғындардың өліміне демеуші болмаңыз», – деп жазды блогер Аида Жексенова.

Бұған дейін Григорий Лепстің Конаевта жоспарланған концерті қазақстандықтардың сынынан кейін өтпей қалған еді.  

Сонымен қатар Украинадағы соғысты ашық қолдағаны үшін сынға қалған «Камызяки» КВН тобының Қазақстандағы концерті өткен жоқ. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: