Сенбі, 20 сәуiр, 13:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Ресейліктерге Қазақстанға шығуға тыйым салына бастады – БАҚ

26.09.2022

867 0

Ресейде азаматтарға Қазақстанға шығуға тыйым салына бастады, деп хабарлайды Baza басылымы. 

25 қыркүйектегі хабарламаға сәйкес, Федералды қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі ресейліктерге елден кетуге тыйым сала бастаған. Бұл туралы адвокат Павел Чиков мәлімдеді. 

Сонымен қатар басылым ресейлік «Озинки» және «Звериноголовское» өткізу пункттерінде берілген әскерге шақырту хаттарын да жариялады. Бұл өткізу бекеттері Қазақстанмен шекарада орналасқан. 

Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресейде жартылай мобилизация жарияланған соң Қазақстанға келушілердің саны күрт өскен. 23 қыркүйектегі жағдай бойынша жыл басынан бері Қазақстанға 1,6 Ресей азаматы келген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: