Жексенбі, 08 желтоқсан, 04:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

SWIFT деген не?

02.03.2022

1319 0

SWIFT (ағылш. Socіety for Worldwіde Іnterbank Fіnancіal Telecommunіcatіon) – Дүниежүзілік банкаралық қаржы телекоммуникациялары қоғамдастығы.

15 елдің банктері банк операцияларын орындауды тиімді ұйымдастыру, ақпарат беру, оны сұрыптау және мұрағаттау (архивтеу) мақсатымен 1973 жылы мамандандырылған акциондық қоғам түрінде құрған. Ресми түрде 1977 жылдан бастап жұмыс істейді. Бельгияда (Брюссель) орталық кеңсесі, АҚШ-та, Гонконгте (Сянган арнаулы әкімш. ауданы, ҚХР) және Нидерландта аймақтық орталықтары бар. Оларды Директорлар кеңесі басқарады.

SWIFT қызметі Аудиторлық кеңес пен сыртқы аудиторлар тобын басқарады. SWIFT байланыс жүйесінің енгізілуі банктер арасында тәулік бойына ақпарат алмасуды жолға қоюға, банк операцияларын халықаралық деңгейде стандарттауға, автоматтандыруға, атап айтқанда: адамдардың еңбегін барынша азайта отырып, операциялық шығындарды қысқарту арқылы қағазсыз төлем операцияларын жүзеге асыруға, телекоммуникациялық байланыс желілерінің көмегімен банктер арасында ақпарат алысуды жеделдетуге, банк тәуекелінің түрлерін азайтуға мүмкіндік туғызды.

Мысалы, платформада шетелге ақша аудару нұсқаулығы немесе құнды қағаздармен болған операциялардың есебі сақталады.

Жүйе ақша мен құнды қағаздарды сақтамайды. Оларды аудару операциясын жүзеге асырмайды.

Мысалы, бір елдің компаниясы басқа елден табиғи газ сатып алып, сол үшін ақша төледі делік. Ол ақшаны сатып алушы банкіндегі есепшоттан сатушы фирмасының банктегі шотына аударады. Сол кезде ақша алушының есепшот нөмірі мен SWIFT кодын енгізеді.

Одан кейін сатып алушы фирма шоттан SWIFT жүйесі арқылы сатушы елдің банкіне ақша түскенін хабарлайды. Сосын электронды түрде түскен ақшаны сатушы компания ала алады.

SWIFT жүйесінің коды банкке төлемді жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

SWIFT жүйесін әлемнің 200-ге жуық елінде 11 мыңға жуық қаржы ұйымы қолданады. Былтыр платформада 10 миллиардтан астам хабарлама өңделген. Бұл әлем елдері арасында осы жүйе арқылы триллиондаған доллар ақша аударылды деген сөз.

Бір жерден екіншісіне қаржы деректерін жібергісі келген банктер SWIFT платформасына дейін telex жүйесін қолданған. Ескі телеграф схемаларына негізделген бұл жүй өте баяу, қолайсыз және қауіпті болған.

Бүгінде қолданылуы жеңіл, жылдам және қауіпсіз SWIFT қаржы коммуникациясы индустриясының алыбы саналады. Ол банктерге мемлекетаралық төлемдерді бес минуттан да аз уақытта жүзеге асыруға мүмкіндік береді және операцияларды соңына дейін қадағалайды.

Массагет.кз

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: