Сенбі, 11 мамыр, 02:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Тергеу қызметі журналистердің үйі мен жұмыс орнын тінтуде

16.01.2024

376 0

Сурет: kaz.inform.kz

Полиция қызметкерлері интернет кеңістігіне жасалған мониторинг барысында «Айт Айт Десе» және «Темиров Live» парақшаларынан жаппай тәртіпсіздіктерге шақыратын ақпаратты анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

Тергеу қызметі тарапынан жан-жақты тексеру жүргізу мақсатында аталған дерек Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірыңғай реестріне тіркеліп, сот-лингвистикалық сараптама тағайындалды.

12 қаңтардағы сараптама қорытындысы бойынша «Айт Айт десе» және «Темиров Live» парақшалараныда жарияланған материалдарда наразылық пен тәртіпсіздікке шақыру белгілері бар екені анықталды.

ҚР ІІМ жедел-іздестіру қызметі тиісті тергеу амалдарын жүргізіп, ҚР ҚК 278-бап 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері бірнеше мекенжайда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті соғыс насихаттау бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Бішкектегі 24.kg ақпарат агенттігінің кеңсесіне тінту жүргізуді бастағаны хабарланған болатын.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында елде билікті күшпен ауыстыруға негіз жоқ екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: