Жұма, 29 наурыз, 17:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Түркия Әзірбайжан, Қазақстан және Грузияның бастамасына қосылуға ниетті

15.03.2022

1459 0

Түркия Қазақстан, Әзірбайжан және Грузияның даму бастамасына қосылуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Қазақстан делегациясының Әзірбайжан мен Грузияға сапарының қорытындысы бойынша бірлескен құжатқа қол қойылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев құжаттың негізгі мақсаттары Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тығыз ынтымақтастықты дамыту және біртұтас логистикалық компания құру екенін айтты. Сондай-ақ Түркия Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия арасындағы бастамаға қосылуға ниетті, – делінген хабарламада.

Аталған бағыт бойынша жүк тасымалы бөлігінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бүгінде жүктердің негізгі түрлерін (көмір, ферроқорытпа және т.б.) тасымалдауға кешенді тарифтік мөлшерлемелер енгізілгенін айтты.

Сауранбаев бұған дейін «Атамекен» ҰКП Қытай тарапынан теміржол тасымалы тарифтерінің айтарлықтай көтерілгені туралы ақпараттың расталмағанын да хабарлады.

– Ақпарат үшін айта кетейік, бүгінгі күнге дейін жедел штаб отырыстары күн сайын өткізіліп келген, алайда бизнес қауымдастығының өтініші бойынша аптасына екі рет отырыстар өткізу туралы шешім қабылданған болатын, жедел штабтың келесі отырысы 17 наурызда өтеді, – деп толықтырды үкіметте.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: