“Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің” қызметкерлері 2026 жылдың 22-30 маусым күндері жылдық жұмыс жоспарына және орманды күзету графигіне сәйкес мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің егілуін болдырмау, жол бермеу және оның алдын алу мақсатында және өрт қауіптілігінің жоғары және төтенше сыныптарының орнауына байланысты кезекті шолып тексеру және рейд жұмыстарын күшейтуде.
Орман қоры жерінің қалың тұстарын, соқпақтар араларын түгелімен аралап тексеру жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 28-29 маусым күндері Қызылқұм жеріндегі мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан скважина маңайларын ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы тексеру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмысқа орман шеберлері инспекторлармен бірге белсенді араласып, қажетті құрал-жабдықтар пайдаланылуда. Орманды шолып тексеру кезінде орман қоры жерлерінде заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
