Сенбі, 07 желтоқсан, 19:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Ел экономикасы 4 пайызға өсті – Қасым-Жомарт Тоқаев

08.02.2022

1146 0

Өткен жылы Қазақстан экономикасы 4 пайызға өсті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 5,5%-ға, құрылыс индустриясы 7,6%-ға өсті. Қызмет көрсету саласында оң динамика байқалады. Сауда 9,2%-ға, көлік саласы 3,6%-ға өсті», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының айтуынша, инфляция деңгейі өз көрсеткішінен асып, 8,4%-ға жеткен.«Өкінішке орай, қаңтар оқиғасы тұрақты өмірді қамтамасыз етуді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматтар зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады. Қазіргі мәліметтер бойынша бизнеске 100 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген», деді Президент.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының әкімдері баяндама жасайды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: