Жексенбі, 14 сәуiр, 04:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2039)
13.04.2024
PDF мұрағаты

Елімізде жарнама және маркетинг саласында табыс азайды

17.10.2022

1011 0

Жарнама мен маркетинг саласындағы қызметкерлердің жалақысы орташа республикалық көрсеткіштен төмендеді. Бұл туралы Finprom.kz ресурсы хабарлайды.

«Жарнама қызметі мен нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызметтер көлемі бірінші жартыжылдықта экономиканың бақыланбайтын секторын қосқанның өзінде 136,63 млрд теңге болды. Бұл ақшалай мәнде былтырға қарағанда 11,2% аз деген сөз. Экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алмасақ, бұл көрсеткіш 136,61 млрд теңге болады. Мұнда да былтыhғыдан 11,2% аз. Өңірлер арасында жарнама қызметі мен нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы қызметтердің 74,6% Алматыда (101,9 млрд теңге) шоғырланған. Одан кейінгі орында Астана (15,6 млрд теңге) мен Қарағанды облысы (6,8 млрд теңге) тұр», – деп жазады Finprom.kz.

Салада көрсетілген қызметтер көлемінің 97,3% шағын кәсіпорындарға (102,4 млрд теңге) және жеке кәсіпкерлерге (30,5 млрд теңге) тиесілі болған.

«Орта және ірі кәсіпорындарға тиісінше 1,6 млрд және 2,1 млрд теңге ғана қажет болды. Қызметтер құрылымында жарнама агенттіктерінің қызметіне 112,3 млрд теңге жұмсалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,9% аз. Нарық конъюнктурасын және қоғамдық пікірді зерттеу саласындағы қызметтер көлемі 19,7 млрд теңге болды. Бұл былтырғыдан 2,4 есе көп. БАҚ-та жарнама жариялауға 4,6 млрд теңге жұмсалды. Бұл былтырғы жарты жылдықтан 27,6% артық. Жылдың алғашқы алты айында жарнама қызметі мен нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы орташа айлық 258,7 мың теңге болды. Бұл жалпы республикадағы орташа жалақыдан аз (298,6 мың теңге)», – делінген сараптамада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: